BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кеден одағы елдеріне қазақстандық тауарлардың экспорты 80 пайызға өсті – Е.Бәкенов

 Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - Бүгін Елордада отандық және шетелдік сарапшылар ЕАЭО-ның алғашқы жылының қорытындылары мен одақтың келешегін талқылады. Жиынға қатысқан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бәкенов Кеден одағы елдеріне қазақстандық тауарлардың экспорты 80 пайызға өскенін айтты.

«Экономикалық және геосаяси қиындықтарға қарамастан, ЕАЭО жұмысының алғашқы жылы нәтижелі өтіп, одақ ішіндегі қарым-қатынастардың сапасы жақсара түсті. Одақ үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен маңызды құжаттар мен келісімшарттарға қол қойылды. Әсіресе, Армения мен Қырғызстан республикаларының одақ құрамына кіруі экономикалық тұрғыдан тауар алмасуға кеңінен жол ашты. Бүгінгі күні одақ құрамында 180 миллионан астам адам жұмыс істейді. Одақ құрылғанға дейін Кеден одағы елдер арасындағы тауар алмасу 13 млрд долларды құраса, 2014 жылы ол 21 млрд долларға жеткен. Ал, Кеден одағы елдеріне қазақстандық тауарлардың экспорты 80 пайызға өсті. Өңделген тауарлардың экспорты 45-тен 58 пайызға артып отыр. Бұл біздің тауарларымыздың сапалы екендігінің бірден-бір дәлелі», - деді ол.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңғы он айындағы тауар алмасу 13,6 млрд долларды құраған. Алайда, өткен жылдармен салыстырғанда 26 пайызға қысқарды дейді ол.

Айта кетейік, талқылауға ЕАЭО-ға мүше елдердiң жетекшi сараптамалық орталықтарының сарапшылары, ҚР мемлекеттiк басқару органдарының жауапты қызметкерлерi, Астана қаласындағы ЖОО оқытушылары мен ҚСЗИ қызметкерлерi қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер