BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі артты

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігенен хабарлағандай, 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8 868,1 млн долларды құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,3%-ға артты. Оның ішінде экспорт – 2 839,7 млн долларды құрап, 11,3%-ға өсті. Ал, импорт – 6 028,4 млн долларды құрап, 4,1%-ға артты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,0%, Қырғызстан Республикасына – 4,3%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер