BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы артты

Фото: Егемен Қазақстан

2018 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1 393,9 млн долларды құрап, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 14,8%-ға артқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлім еткендей, соның ішінде экспорт – 424,9 млн долларға (9,0%-ға өсті), импорт – 969,0 млн долларға (17,5%-ға өсті) жеткен.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,5%, Қырғызстан Республикасына – 3,9%, Беларусь Республикасына - 3,5% келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер