BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда мемлекеттік стандарттау саласындағы стратегия нығайтылады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан Ресей Федерациясымен арадағы стандарттау мен аккредиттеу саласындағы өзара іс-әрекет стратегиясын қайта қарастыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады. Бұл жөнінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін біз Ресей Федерациясынан келген қонақтарды – федералдық реттеу және метрология агентігінің басшысы Алексей Абрамовпен және федералдық аккредиттеу қызметінің басшысы Алексей Херсоновтың басшылық етуіндегі делегаттармен кездесіп отырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тығыз екенін білесіздер. Қазақстан да, Ресей де Еуразиялық ынтымақтастық идеясын белсенді жүзеге асырып келе жатқан мемлекеттер. Стандарттау, аккредиттеу, метрология мәселелерінің барлығы өнеркәсіп саласын қолдауға, өнім экспорты үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жалпы, біз 19 мыңнан астам мемлекеттік стандартты қолданамыз. Бүгінде оларды қайта қарастыру, өзектілендіру және жаңғырту мәселесі бірінші кезекте тұр. Себебі, өнеркәсіп дамып жатыр, технология өзгеруде, био және нано технологияларды қолдану сәйкес технологиялық және нормативтік-техникалық қолдауды қажет етеді. Оның үстіне, бір жаһандық әлемде тіршілік етіп жатқандықтан, жетекші елдермен бір техникалық тілде сөйлеу қажеттілігінің маңызы зор», - деді комитет төрағасы.

Ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында стандарттау одағы құрылғанын және аталған одақ техникалық реттемелеу мен аккредиттеу саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруды қадағалайтынын айтты.

«Кездесу қорытындысы бойынша біз стандарттау мен аккредиттеу саласындағы өзара іс-әрекет стратегиясын қайта қарастыру бойынша нақты ұсыныстар дайындадық. Сонымен қатар, бүгінгі күні бұрмаланған, контрафактілік және сапасыз өнімдердің жолын кесу өзекті болып отыр. Біз екі ел арасында осы тектес өнімдердің айналымын болдырмас үшін, біздің нарық пен тұтынушылар үшінші мемлекеттен келетін тауарлардан қорғалған болуы үшін жиынтықты шаралар әзірлемекшіміз», - деді Шаққалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер