BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

Қазақстан мен Ресей арасында бірыңғай стандарттау базасы құрылуы мүмкін

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау және аккредиттеу мен метрология саласындағы өкілетті тұлғалардың кездесуі барысында ресейлік тарап Қазақстан мен арада бірыңғай стандарттар базасын құруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан мен Ресейдің Ұлттық аккредиттеу органдары арасында кәсіби және ниеттес қарым-қатынас бұрыннан қалыптасқан және қазір бұл байланысты одан әрі дамытудың маңызы зор. Өздеріңіз білетіндей, біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге ILAC/IAF секілді халықаралық ірі аккредиттеу ұйымдарының мүшесі болып табыламыз. Сол себепті, екі ел арасында аталған салада талқылайтын мәселе жетерлік. Соның ішінде ең маңызды мәселе – сәйкестікті бағалау нарығының шеттен келген қатысушыларына қарсы іс-әрекеттер қабылдау. Сәйкестікті бағалау саласында сынақ хаттамасы мен сертификаттарды ұсынушыларға қатысты сұрақтар туындап жатады. Сондықтан, өнім ЕАЭО аясында айналымда жүретін өнім пайда болғандықтан, мұндай шеттен келген, жосықсыз қатысушылар халықаралық деңгейге шығып жатады. Осы орайда, бізге бірлескен ақпараттық айналым туралы келісімге келіп, нақты шешімдер қабылдау керек», - деді РФ Федералдық аккредиттеу қызметінің басшысы Алексей Херсонцев.

Сонымен қатар, ресейлік қонақтар Қазақстанмен арадағы мемлекеттік стандарттарды үйлестіру нарықтағы бірқатар мәселелерді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«Біз метрологияны стандарттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесте елдер арасындағы стандарттарды сәйкестендіру, эталондарды үйлестіруді талқылап, осы арқылы бірыңғай нарықта өзара сауда жүргізетін кәсіпорындарға көмектесеміз. Бұл біздің елдер арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға ықпал етеді. Қазір ЕАЭО аясында ресейлік және қазақстандық компаниялардың өзара қарым-қатынасы үшін қолайлы жағдай жасайтын реттеу бар. Осы орайда, біз стандарттарды әзірлеу және қолдану, метрологиялық базаны дамыту келешегін талқылаймыз. Бүгін біз бірыңғай стандарттар базасын құруға дайынбыз. Әзірше бірқатар шешілмеген мәселелер бар, бірақ, оларды шешу бойынша жол картасын әзірлейміз деп сенемін», - деді РФ Федералдық реттеу және метрология агентігінің басшысы Алексей Абрамов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер