BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан, Ресей мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамыту керек - А.Казанцев

Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - Қазақстан, Ресей мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамыту керек. Бұл туралы Мәскеуден скайп арқылы байланысқа шыққан ММХҚИ Талдау орталығының директоры Андрей Казанцев »Еуразиялық экономикалық одақ: проблемалар мен перспективалар» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi, 

«Менiң ойымша, өткен жыл келесi үш бағыт бойынша маңыздылығын көрсеттi. Бiрiншiден, ЕАЭО шеңберiнде Қазақстан мен Ресей арасындағы екi жақты қарым-қатынасты дамыту керек. Екiншiден, Ұлы Жiбек жолы шеңберiнде Қытай, Ресей мен Қазақстан арасында үш жақты байланысты дамыту қажет. Бұл үш ел маңызды рөл атқарады. Үшiншiден, саяси қауiптердiң экономикалық жағдайға ықпалын талдау бойынша ұжымдық зерттеулер жүргiзу керек», - дедi А. Казанцев.

Атап өтсек, бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде отандық және шетелдiк сарапшылар ЕАЭО-ның алғашқы жылының қорытындылары мен келешегiн талқылады. Дөңгелек үстелдi Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Талқылауға ЕАЭО-ға мүше елдердiң жетекшi сараптамалық орталықтарының сарапшылары, ҚР мемлекеттiк басқару органдарының жауапты қызметкерлерi, Астана қаласындағы ЖОО оқытушылары мен ҚСЗИ қызметкерлерi қатысты.

Шара барысында сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы қорытындыларын, ықпалдастық бiрлестiк жұмысының өзектi мәселелерiн талқылады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер