BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда ЕАЭО тұрақтылық факторы болды

Астана. 14 желтоқсан. Baq.kz - Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда ЕАЭО тұрақтылық факторы болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников мәлім етті. 

«Биыл екі ел арасындағы қатынастарда кезекті жоғары межелерге қол жеткізілді. ЕАЭО форматтарындағы жүздесулер аясында екі ел басшыларының кездесулері қамтылды. Біздің есептеулер бойынша Қазақстан мен Ресей Президенттері түрлі форматтарда, халықаралық алаңдарда 13 рет кездескен екен»,-деп тоқталды Елші.

Осы орайда М. Бочарников екі арасындағы диалог өте жемісті өрбіп отырғанын айта келе, жоғары деңгейде, яғни мемлекет басшылары, үкімет басшылары, министрлер деңгейінде тиісті талқылаулар мен келіссөздер болғанын еске салып өтті.

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастары негізінде экономика тұрғанына тоқталған Елші: «Түрлі көрсеткіштер бар, бұл тұрғыда елдеріміз арасындағы тауар айналымының төмендеуі байқалған көрінеді. 2014 жылы тауар айналым 20 млрд. долларға жуық болған еді. Биыл доллар эквивалентінде тауар айналымның 23 пайызға төмендегені туралы есептер айтылуда.Бұл сандар өзіндің көрсеткіш болып табылмайды. Осы көрсеткіштер валюталық бағамдардың құбылмалығы есебінсіз түзілуде. Егер де долларда емес, рубльмен есептесек, бұл тұрғыда тауар айналымы шамамен 25 пайызға өсті»,-деді деді М. Бачарников.

Сонымен қатар ол ЕАЭО өзінің бір жылдағы жұмысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тұрақтылығы факторы болғанын атап өтті.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер