BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Ресей арасындағы диалог жоғары деңгейде жүріп жатыр – М.Бочарников

Астана. 14 желтоқсан. Baq.kz - Қазақстан мен Ресей арасындағы диалог жоғары деңгейде жүріп жатыр. Бұл жөнiнде Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихатында мәлiмдедi.

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жайында айтар болсақ, осы жыл екіжақты өзара іс-әрекеттің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген жыл болды. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың өз жұмыс бастаған алғашқы жылы. ЕАЭО аясындағы кездесулер екі ел басшыларының жеке кездесулері қатарына жататын маңызды шараларға айналды. Біздің мәліметке сәйкес, осы жылы екі ел президенттері түрлі форматта, түрлі орындарда 13 рет кездесу өткізген екен», – деді елші.
Ол соның ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың мамыр айындағы Мәскеуге ресми сапарын және РФ Президенті В.Путиннің қазан айындағы Астанаға мемлекеттік сапарын атап өтті.
«Екі ел арасындағы диалог өнімді және жоғары деңгейде жүріп жатқанын атап өткім келеді. Соның ішінде, сауда-экономикалық қарым-қатынас біздің өзара қарым-қатынасымыздың жүрегі іспеттес. Осы жылы екі ел арасындағы тауар айналысы 23%-ға төмендегенімен, бұл көрсеткіш рубльмен есептегенде 25%ға артты. Сондықтан, сауда жоғары деңгейде жүріп жатыр дей аламыз және ол уақыт өте келе жаңа сипатқа ие болып отыр», – деді М.Бочарников.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер