BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қабиболла Жақыпов Вьетнам елшісін қабылдады

Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz – Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдады. 

Қабиболла Жақыпов Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып табылатынына және екіжақты қарым-қатынасты өркендетуге зор мүмкіндіктің бар екендігіне тоқталды. Олар Кеден одағы мен Вьетнам арасында еркін сауда Аймағын қалыптастырудың маңызын да атап өтті. Тараптардың көзқарасы бойынша ол екі ел арасында тауар айналысын ұлғайтуға жол ашатын болады.

Өз кезегінде Вьетнам Елшісі Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының арқасында бүгінгі заманның барлық қауіптеріне қарсы тұра алатына сенімділігін білдірді және алдағы уақытта елімізге табыс тіледі.

Мәжіліс Төрағасы дипломатқа Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан істерден хабардар етті.

Өз кезегінде дипломат парламентшілердің Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың құқықтық негізін жасау жолындағы еңбектерін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысында Нгуен Ван Хоа Мәжіліс Төрағасына Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Нгуен Шинь Хунганың еліне ресми сапармен шақыруын табыстады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер