BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Интеграция ел экономикасын ілгерілетіп келеді – Айгүл Соловьева

Астана. 14 мамыр. Baq.kz – Бүгін «Еуразиялық интеграция: Кедендік одақтан – экономикалық одаққа» тақырыбында өткен Астана – Мәскеу – Минск – Ереван арасында мультимедиялық көпiр арқылы бейнеконференцияға қатысқан Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Біз Кедендік одақты құру арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа тыңғылықты дайындалдық. Соның нәтижесінде болар, Қазақстанның ішкі-сыртқы экономикасы тұрақты түрде дамып келеді. Әсіресе, Кедендік одақ аясындағы елдермен сауда айналымы соңғы жылдары күрт артты. Атап айтсақ, инвестиция көлемі ұлғайып, елдегі құрылыс саласы қарқынды дами бастады. Сонымен қатар, көптеген заңдарымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жетілдірілді. Нәтижесінде, бизнеске барынша қолайлы жағдайлар жасалды, - деп атап өтті Айгүл Сағадибекқызы.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер