BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуропалық Одақ Орталық Азияда ынтымақтастықты тереңдетуге дайын - ЕО өкiлi

Астана. 21 желтоқсан. Baq.kz - Еуропалық Одақ жай ғана қол ұшын берiп қана қоймай, Орталық Азияда ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Бұл жөнiнде бүгiн елордада "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" үлгiсiндегi сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуi барысында Еуропалық Одақтың Сыртқы iстер және қауiпсiздiк саясаты жөнiндегi жоғарғы өкiлi Федерика Могерини мәлiмдедi. 

"Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөнiндегi стратегиясы жай құжат қана емес, бұл бiздiң Орталық Азиядағы стратегиялық әрiптестiкке, стратегиялық қарым-қатынасқа инвестиция салуға дайын екенiмiздiң белгiсi. Бiздiң осы өңiрде не болып жатқанына қатысты нақты идеяларымыз бен ынтымақтастық жөнiндегi ортақ мәселелерiмiз де бар. Бiз екi арадағы нығайтылған ынтымақтастық арқылы ғана ол мәселелердi шеше аламыз", - деген ол бүгiн екiжақты кездесу барысында сәттi талқылаулар өткенiн атап өттi.
"Сондай-ақ, бiз қауiпсiздiк пен тұрақтылық аясындағы өзара ынтымақтастығымызды арттыру мәселесiн де талқыладық. Себебi, бiз қазiр өте күрделi заманда өмiр сүрiп жатырмыз. Бiз төнген қауiптерге бiрлескен құралдарды қарсы қолдану арқылы оларға тойтарыс бере аламыз. Еуропалық Одақ жай ғана қол ұшын берiп қана қоймай, ол аталған өңiрде ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Бiз серiктес, әрiптес ретiнде бiрлесе жұмыс iстеуiмiз қажет", - дедi ЕО өкiлi.
Еске сала кетейiк, елордада өткен "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" үлгiсiндегi шара аясындағы ЕО делегациясына Еуропалық Одақтың Сыртқы iстер және қауiпсiздiк саясаты жөнiндегi жоғарғы өкiлi Федерика Могерини өзi жеке басшылық етiп, бүгiн Астанаға арнайы келген болатын. Басқосуға Өзбекстанның сыртқы iстер министрi Абдулазиз Камилов, Қырғыз Республикасының сыртқы iстер министрi Эрлан Абдылдаев және Тәжiкстан мен Түркiменстанның сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары қатысты. Қазақстандық делегацияға елiмiздiң сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырымов басшылық еттi. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер