BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуро-2 және Еуро-3 санатындағы бензиннің айналымы 2018 жылға дейін ұзартылды

Астана. 28 желтоқсан. Baq.kz - Еуро-2 және Еуро-3 санатындағы бензиннің айналымы 2018 жылға дейін ұзартылды.

Яғни 2018 жылға дейін жанар-жағармайды пайдалануға рұқсат берілді. «Мұндай шешім Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық комиссия кеңесінде белгілі болды», - деп хабарлайды еліміздің Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар Кеден одағының «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Ресейде Еуро-4 санатындағы жанармайды қолдану мерзімі келер жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылса, Арменияда жыл соңына дейін айналымда болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер