BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы Ереванда өтеді

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы қазан айында Арменияда өтеді. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 30 қазанда Ереван қаласында өтеді», - деді Қырғызстанның Үкімет басшысы.

Алайда оның сөзін Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев бөлді.

«Алайда мұнда нақтылайтын сұрақ бар. Біз шағын құрамда өткен кеңесте бұл мәселені талқыладық. Онда біз басқа күнді белгілеген болатынбыз. Мен әріптерімді Ресейлік тараптың әртүрлі іс-сапарлары көп екеніне назар аудартқым келеді. Осыған дейін отырысты 24-25 қазан күні өткізу ұсынылған болатын. Мен осы аталған күндерді назарға алуларыңызды сұраймын. Себебі, 30-31 қазан біздің жоспарымызға сәйкес келмейді», - деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев.

Кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары бұл мәселені талқылайтындықтарын айтты.

«Олай болса, мұны жұмыс тәртібінде қарастырамыз», - деді олар.

Айта кетейік, бүгін Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер