BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕуразЭК аясында Техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды

Астана. 25 желтоқсан. Baq.kz – Еуразиялық экономикалық комиссия Кенесінің Қазақстан Республикасының аумағында Евро-2 (К-2) және Евро-3 (К-3) экологиялық класты автомобиль бензині мен дизель отынын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жол талғамайтын техникаға арналған дизель отынының айналым мерзімдері туралы техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

«Мәскеу қаласында 2015 жылғы 2 желтоқсанынды өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кенесінің барысында ЕЭК Кеңесімен К-2 және К-3 экологиялық класты автомобиль бензині мен дизель отынын және ауыл шаруашылығы мен жол талғамайтын техникаға арналған дизель отынының Қазақстан Республикасында айналымға 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге ұзартуға қатысты Кеден одағының «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО 013/2011 ТР) техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, К-4 экологиялық класты автомобиль бензині Ресей Федерациясы аумағында 2016 жылғы 1 шілдеге дейінге мерзімге айналымы ұзартылған. Сондай-ақ, Армения Республикасына отын айналымы мерзімдері – К-3 және К-4 экологиялық класты автомобиль бензині 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін, К-3 және К-4 экологиялық класты дизель отыны 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін белгіленген. Қырғызстан Республикасына – К-2 және К-3 экологиялық класты автомобиль бензині мен дизель отыны, және ауыл шаруашылығы мен жол талғамайтын техникаға арналған дизель отыны 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге белгіленген.

Шешім 2015 жылғы 23 желтоқсанда ЕЭК сайтында (www.eurasiancommission.org) жарияланды және 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді» делінген баспасөз мәлімдемесінде.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер