BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еңбеккер-мигранттар да медициналық жәрдем алуға құқылы

 Астана. 8 қаңтар. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерін ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде жұмыс күшінің қозғалысын реттейтін заңнамалық нормалармен және еңбеккер-мигранттарға берілетін кепілдіктер туралы хабардар етті.

- ЕАЭО мүше-мемлекеттердің азаматтары еңбек жағдайына байланысты барлығында тең құқылы. Сондықтан да еңбеккер-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері жедел медициналық көмек (шұғыл және жедел түрінде) және өзге де медициналық жәрдем алуға құқылы. Жұмыс істейтін мемлекет аумағында еңбеккер-мигрантпен бірге тұратын балалары сол елдің заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге баруға құқылы, - деді вице-министр.

Светлана Қабыкенқызының айтуынша, өткен жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар шешімімен Қазақстан аумағында 29 462 шетел азаматы еңбек етіпті. Ал шетелдерден жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны – 2 577 құраған. Оның ішінде 11,4 мың адам құрылыста болма (44,4 пайыз), тау кен өндіру кәсіпорындары – 3,4 мың адам (13,4%) және өңдеу өндірісі саласындағы көрсеткіш 1,4 мың адам (5,4%) екен.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Ғабит МАДАЛИЕВ

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер