BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Егіншілікпен ел экономикасын көтеру мүмкін емес – М. Жұрынов

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Ел экономикасын ауыл шаруашылығындағы аграрлық сала, оның ішінде егіншілікпен көтеру мүмкін емес. Егер осылай ойласақ, қатты қатеселесіміз. Өзімізге қажетті егін мен дәнді-дақылдарды егіп азық-түлік себетімізді толтырып отырсақ да жеткілікті. Осылай баю мүмкін болса, жылына төрт рет жеріне егін салатын Үндістанның экономикасы әлемдік деңгейде неге көш ілгері кетпейді? – деді «Нұр отан» партиясының мұрындық болуымен өткен Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында сөз алған ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды.

- Индустрия ғана елдің экономикасын көтереді. Ал өндірісті ғылымсыз дамыту, тіпті де мүмкін емес. Кез-келген салаға ғылым-біліммен жарақтандырылған индустрияны жүргізсек, ол сала дамымай қалады дегенге мүлдем сенбеймін. Өздеріңіз білесіздер, біздің елдің ғылымы 20 жыл бойы нарықтың көлеңкесінде қалып келеді. Ал қазіргі нарық болса, тым жабайыланып кетті. Тауарлардың сапалысы да бар, сапасызы да бар. Бұлай болатын себебі, кез-келген тауардың өз тұтынушысы бар. Ендігі жерде Еуразиялық экономикалық одақ бізге бұрынғыдан да белсенді нарыққа жол ашады. Ал белсенді нарық сапасыз өнімдерді сөреден ығыстырады, - деді ол.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер