BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"ЕЭО нарығынан орын алу үшін өндіріс саласын шыңдауымыз керек" - Б.Байбек

Астана. 19 мамыр. Baq.kz – Еуразиялық экономикалық одақа кіру - проблемалардың бір сәтте түбегейлі шешілуі дегенді білдірмейді. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деді. 

"...Интеграция тауар өндірісі мен қызмет түрлерін дамытуға жағдай жасайды. ЕАЭО нарығынан өз орнымызды қажетті деңгейде алуымыз үшін қазақстандық бизнес өндіріс көлемі мен түрлерін арттырып, өнімнің сапасын жақсартуы керек" деді Б.Байбек әңгіме барысында.
Оның пікірінше, Қазақстан үшін бұл тарихи қадам. "Одақты құрудан біз ықпалдастықтың үлкен мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Егер үш елдің экономикасы біріксе, жалпы көлемі үш триллион долларды құрайтын жалпы нарық пайда болады" деді төрағаның орынбасары.
"Қазақстан Ресей мен Белоруське ашық, мемлекет бұрынғыдан қарағанда 9 есе үлкен нарыққа қол жеткізіп отыр. Тұтынушылардың ұтатын бір тұсы бар, бәсекелестік артқаннан кейін пайдаланатын тауар мен қызмет түрлерінің сапасы болса да артады. Оның үстіне импортталатын тауарлардың бағасы да арзандамақ. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына алып келеді" деді Бауыржан Байбек сөз соңында. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер