BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕЭК – жаһандық дамудағы жаңаша интеграция болмақ – Н. Назарбаев

Астана. 29 мамыр. Baq.kz - Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой айтты.

- Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру барысында біздер бүгінге дейін түрлі деңгейлі бірнеше кездесу өткіздік. Оның ішінде қатысушы мүше-мемлекеттердің әр саласында қызмет ететін, өз мамандығының жілігін шағып, майын ішкен кіл мықты мамандар қызу жұмыс істеді. Атап айтқанда, жауапты министрліктер мен агенттік және үш елдің кәсіпкерлік саласындағы белсенді мүшелері бар. Соның ішінде, тараптар арасындағы біржақты бұра тартулардың болдырмауы үшін Үкімет басшыларының орынбасарларынан құрылған арнайы комиссия да бүгін бекітілгелі отырған Келісімшарттың сапалы жазылып шығуына орасан зор үлестерін қосты. Ендігі жерде біз құрып отырған Еуразиялық экономикалық кеңістік – жаһандық дамудағы жаңаша интеграция болады деген ойдамын. Себебі, біздің басты мақсатымыз, басымдықты экономикалық бағытта бірлесе дамуға беру арқылы әлемде жаңа интеграция алаңын құру болып табылады, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.



Нұрлыбек ДОСЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер