BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕЭК Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылғаннан кейінгі алғашқы нәтижелерді жариялады

Астана. 20 қараша. Baq.kz - Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Алқа мүшесі (министр) Данил Ибраевтың төрағалығымен Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына 100 күн толуына орай кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz. 

Шара видео-көпір форматында ұйымдастырылып, оған Ош, Бішкек, Свердловск, Уфа қалалары қосылды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, отырыс барысында ЕЭК-тің техникалық реттеу мәселелері жөніндегі министрі Валерий Корешков Қырғызстанмен техникалық реттеу саласында бұрыннан бірлесе жұмыс атқарылып келе жатқанын атап өтті.

«Қырғызстанда ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін кезең-кезеңімен енгізу процесі жүріп жатыр. Оның 12-сі доңғалақты көлік құралдары мен электротехникаға қатысты, олар қазірдің өзінде республика аумағында жұмыс істеп тұр. Қалғандары бойынша қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді В.Корешков.

Валерий Корешков санитарлық, ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар саласындағы ұлттық нормативтік құқықтық базаларды ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіруде де ауқымды жұмыс атқарылғанына назар аударды.

«Бұл салаларда 20-ға жуық нормативтік құқықтық акті қабылданды, Қырғызстан мемлекеттік органдары мен мекемелерін кадрмен қамтамасыз ету мәселесі оңтайландырылды», – деп толықтырды ЕЭК министрі.

Ал ЕЭК министрі Данил Ибраев 2015 жылдың тамызында Қырғызтан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанғаннан бері оң өзгерістер байқалып отырғанын атап өтті.

«18 қарашадан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы фитосанитарлық және санитарлық бақылау алынып тасталды. Қырғыз Республикасы 43 сектордағы Бірыңғай нарық қызметіне қосылды», - деді ол 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер