BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде халық санағын жақын уақытта​ өткізуді құптады

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz - Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында 2020 жылғы кезең бойынша халық санағын өткізу туралы» жарлығының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz. 

Аталмыш жобаны ЕЭК-тың интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі министрі Татьяна Валова таныстырған болатын.

«Халық санағын өткізу – адами әлеует сапасы мен көлемі жайлы нақты ақпарат көзі еболатыны сөзсіз. Санақтың қорытындысы қажетті статистикалық мәліметтерге негізделіп, жалпы Кеңестің және оған мүше әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму индикаторын нақтылауға көмектеседі»,- деді Татьяна Валова.

Халық санағының нәтижесінде мемлекет тұрғындары мен көші-қон мәселелеріндегі көкейкесті сұрақтардың жауабы анықталатын болады. Еуразиялық Экономикалық Одақта халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі.

Нақты бағдарламалар мен даталар анықталатын ұлттық халық санағын өткізуге әр мемлекеттің үкіметі құқылы. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер