BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕЭК алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама құру туралы ереженің жобасын мақұлдады

 Астана. 10 желтоқсан. BAQ.kz – 8 желтоқсан күні Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама (ЕТТ) құрып, іске қосу және ЕТТ құру жөніндегі бағыттар тізімі туралы ереженің жобасын мақұлдады.

Ереже Еуразиялық технологиялық тұғырнаманың мақсат-міндеттерін, қызмет бағыттарын анықтайды.
Тізімге медицина және биотехнология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, фотоника, әуе-ғарыш технологиялары, ядролық және радиациялық технологиялар, энергетика, көлік технологиялары, металлургия технологиялары және жаңа материалдар, табиғи ресурстарды өндіру және мұнай-газ өңдеу, электроника және машина жасау технологиялары, экологиялық даму, өнеркәсіптік технологиялар, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсбі секілді бағыттар кіреді.
Еуразиялық технологиялық тұғырнама инновациялық инфрақұрылымдардың өзегі болып табылады және перспективалық коммерциялық технологиялар құруға, бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдардың қатысуы негізінде жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдер алуға мүмкіндік береді.
ЕЭК алқасы отырысында сондай-ақ Одақ аясында өнеркәсптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) іске асыру жөніндегі актілерді әзірлеу жоспарының жобасы мақұлданды. Жоспар ӨЫНБ-ны іс жүзінде жүзеге асыру үшін құқықтық база құру мақсатында дайындалды.
BNews.kz 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер