BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылу xаттамасын ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды   

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы xаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы мақұлданды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл заң жобасын ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды.

«Халықаралық шарттар туралы заңға сәйкес xаттама ратификациялануы тиіс. Хаттамаға қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения Республикасының нормативі 7,11%, 85,32%, 1,11%-ды құрады. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары баждарды бөлу тәсілдерінің бірдей болуын қамтамасыз ету мақсатында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады», - деді Тимур Сүлейменов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында.

Ол басшылыққа алынатын төмендегідей қағидаттарды атап өтті.

«Біріншіден, ҚР сонымен қатар, Армения Республикасының одақтың бірыңғай кедендік тәртібінен ауытқуларын есепке алмау; екіншіден, Армения Республикасының нормативтерін ҚР мен РФ есебінен 0,11%-ға қайта қарау. Берілген принциптерді ескере отырып xаттамаға одақ мемлекеттерінің басшылары Армения Республикасы - 1,22%; Беларусь Республикасы - 4,56 %; Қазақстан Республикасы - 7,055%; Қырғыз Республикасы - 1,9%; Ресей Федерациясы - 85,265% нормативтермен қол қойды. Хаттаманы іске асыру кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу нормативін азайтуға алып келеді», - деді ол.

Тимур Сүлейменов xаттаманы іске асыруға республикалық бюджеттен ықтимал шығындар қарастырылып отырғанын айтты. Бұл сома 2017 жылы 1,8 млрд теңге, 2018 жылы 1,9 млрд теңге, 2019 жылы 2 млрд теңгені құрайды.

Заң жобасы 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеуде жасалған xаттаманы ратификациялауға бағытталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер