BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО үшінші мемлекеттен ет импорттауды жеңілдетпекші

Еуразиялық экономикалық одақ үшінші мемлекеттен ет импорттау үшін тарифтік квота енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында хабарланғандай, аталған шара талқылау барысында. Құжатқа сәйкес жаңашылдықтар мақұлданған жағдайда 2019 жылы тарифтік квоталар қабылданады.

Сонымен қатар, одаққа мүше әр мемлекетке сырттан кіргізілуі мүмкін өнімнің көлемі де бекітілуде.

Сонымен, Ресей үшінші мемлекеттен тарифтік квоталармен ірі қара малдың 570 мың тонна етін импорттауды жоспарлауда. Осы ретте, Қазақстан аталған өнімнің 21 тоннасын импорттауға тарифтік квота қолдануға мүмкіндік алады. Қырғызстанға 7 мың тоннаға рұқсат беріледі. Беларусь пен Арменияға мұндай жеңілдіктер берілмейді.

Шошқа етіне келетін болсақ, Ресей аталған өнімнің 430 мың тоннасын, Беларусь – 20 мың тоннасын, Қырғызстан – 3,5 мың тоннасын импорттау үшін тарифтік квота алатын болады. Қазақстан мен Армения үшін квота қарастырылмаған.

Сонымен қатар, Қазақстан мақұлданған жағдайда 140 мың тонна құс етін импорттауға тарифтік квота ала алады. Ал, Ресей – 364 мың тонна, Қырғызстан – 56 мың тонна, Беларусь – 10,9 мың тонна құс етін импорттауға квота ала алады. Арменияға аталған санат бойынша квота берлмейтін болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер