BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО елдерінің Еуразиялық экономикалық комиссиясының келісімін ратификациялады

Парламент Сенатының отырысында «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қаралып отырған заң жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов толық баяндады.

«Келісімнің мақсаты: бірінші комиссиямен келісілген өзіндік ерекшелікті субсидияларға қатысты өтемақы шараларды қолдану мүмкіндігін жою; екіншіден, өнеркәсіптік субсидияларды беру бойынша одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы талқылауларға комиссияның тәуелсіз арбитрі ретінде қатысуы. Келісім, біріншіден, өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды одаққа мүше мемлекеттердің комиссияларымен ерікті келісу тәртібін регламенттейді. Екіншіден, комиссияның одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды берумен байланысты талаптарды жүргізу тәртібін регламенттейді», - деді Тимур Сүлейменов.

Ол комиссияның қандай жағдайда субсидия беруге келісім бермеуге құқылы екенін айтап өтті.

«Ерікті келісу рәсімі бойынша одаққа мүше мемлекет субсидияны келісу мақсатында комиссияға тиісті өтініш жолдайды. Келісімде субсидия берудің 15 өлшемшарты көзделген . (...) Егер өзіндік ерекшелікті субсидия тыйым салынған субсидиялар түріне жатса, онда комиссия оған келісім бермейді. Келісімге енгізіліп отырған талқылаулар - рәсімі дауларды шешудің балама тетігі. Қаралып отырған келісімге жаңа тетік енгізілген. Оған сәйкес талқылауды тәуелсіз арбитр ретінде комиссия қарайды. Бұл даулы мәселелерді объективті және жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Талқылау нәтижесін комиссия қабылдайды, ал оны мүше мемлекеттер орындауға міндетті», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер