BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО елдері жаңа кеден кодексін талқылайды

Еуразиялық одақ елдері үкіметтерінің басшылары Мәскеуде 16 қарашада ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің мәтінін түпкілікті келісуді қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді.

Саркисянның айтуынша, тараптардың 2-3 мәселені ғана келісуі қалды, сосын жаңа Кедендік кодекс астанаға Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына келетін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения үкіметтері басшыларының қарауына енгізілуі мүмкін.

Бұрын хабарланғандай, ЕАЭО үкіметтерінің басшылары Минскідегі саммитте жаңа КК жобасын қарастырып, құжатты пысықтауды тапсырған. Жаңа кодекс 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін. Жаңа кодексті әзірлеушілердің пікірінше, ол сыртқы экономикалық қызметтің тетіктерін айтарлықтай жақсартады.

7kun.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер