BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үлкен өсім көрсетті

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнім өндірісі 2017 жылмен салыстырғанда 3,9% өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық комиссияның мәлімет бойынша, бұл өсім одақтың өзге мүше елдерімен салыстырғанда ең көбі. Сонымен, Беларусияда есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%, Ресейде 2,5%, Қырғызстанда 1,8%, Арменияда 1,4% артқан.

Жалпы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде ауыл шаруашылығының өндірісі 2018 жылдың бес айында 2017 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 2,6% өсті.

Атап өтсек, Қазақстан 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының өндірісі бойынша 2,7% өсіммен көш бастап тұр. Ол кезде Қырғызстанда өсім 1,7%, Ресейде - 0,9%, Беларусияда 0,1% құрады. Ал, Арменияда керісінше көрсеткіш 3,2% төмендеген болатын.

Мал шаруашылығының негізгі өнім түрлері бойынша Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 629,6 мың тонна мал және құс еті өндірілді. Аталған көрсеткіш 2017 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 4,8% артты.

Осы ретте, Ресей есепті кезеңде 5,7 млн тонна мал және құс еті өндірілді, бұл 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 4,6% артты. Аталған өнімнің өндірісі бойынша есепті кезеңде көшті Беларусия бастады – өсім 6,4% құрады.

Сонымен қатар, Қазақстан сүт (2 млн тонна) және жұмыртқа (2,2 млрд) өндірісі бойынша алдыңғы қатарға шықты. 2017 жылдың бес айымен салыстырғанда өсім сәйкесінше 2,5% және 15,7% көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер