BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасайды - Б.Мамраев

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі, профессор Бейбіт Мамраев ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикасын тұрақты дамуына жағдай жасайды деп есептейді.

«Тарихи қадам жасалды - үш мемлекет Ресей, Беларусь және Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы келісімге қол қойды. Біріншіден, жаңа бірлестік тек қана экономикалық одақ болады. Еуразиялық экономикалық одақ құруда әңгіме тек экономикалық интеграция жөнінде болып отырғанын Елбасы Н.Назарбаев әлденеше рет мәлімдеді. Біздің интеграциялық бірлестікте саяси егемендік тұрақты, бұл - аксиома. Оның есесіне экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтуға, экономиканы дамыту арқылы оны неғұрлым орнықты етуге мүмкіндік береді. Одаққа кіретін әр елдің егемендігі толық көлемде, соның ішінде халықаралық деңгейде тек нығайып, өркендейді», - деді ректор.

Сонымен қатар ол, интеграциялық бірлестіктің негізінде тек қана экономикалық прагматизм, ашықтық, барлық шешімдерді қабылдауда құрмет, еріктілік, теңдік сияқты мызғымас қағидаттар жатыр , деп қадап айтты.

«ЕАЭО құру туралы шарттың жобасына халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларын құрметтеу сияқты негізгі қағидаттар енгізілген», - деп Бейбіт Мамраев өз ойын түйді.
 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер