BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО мен Вьетнам арасында тауар айналымын ұлғайту көзделiп отыр - Евгений Хон

Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - ЕАЭО мен Вьетнам арасында тауар айналымы көлемiн ұлғайту көзделiп отыр. Бұл туралы ҚСЗИ Экономикалық зерттеулер бөлiмiнiң меңгерушiсi Евгений Хон »Еуразиялық экономикалық одақ: мәселелер мен келешегi» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi. 

»Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүшелiгi туралы айтылып келедi. Қазақстан үшiн әрине Қырғызстанның Еуразиялық одаққа кiргенi маңызды. Бұл екi елдiң шекараларының жақындығы мен экономикаға байланысты. Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүшелiгi Орталық Азия елдерiн шоғырландыруға және өз тауарларын ЕАЭО нарығына алға жылжытуға мүмкiндiк бередi», - дедi Е.Хон.
Оның айтуынша, 2015- 2016 жылдары шетелдiк әрiптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық одан әрi дами түспек. Мәселен, биылғы жылдың 29 мамырында Еуразиялық одақ пен Вьетнам еркiн сауда аймағы туралы келесiмге қол қойды. Бұл келiсiм бiрiншi халықаралық келiсiм саналады. Оған сәйкес, 2020 жылға дейiн ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы көлемiн 4 млрд доллардан 10 млрд долларға дейiн ұлғайту көзделiп отыр.
Атап өтсек, бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде отандық және шетелдiк сарапшылар ЕАЭО-ның алғашқы жылының қорытындылары мен келешегiн талқылауда. Дөңгелек үстелдi Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырып отыр.
Талқылауға ЕАЭО-ға мүше елдердiң жетекшi сараптамалық орталықтарының сарапшылары, ҚР мемлекеттiк басқару органдарының жауапты қызметкерлерi, Астана қаласындағы ЖОО оқытушылары мен ҚСЗИ қызметкерлерi қатысуда.
Шара барысында сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы қорытындыларын, ықпалдастық бiрлестiк жұмысының өзектi мәселелерiн талқылап жатыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер