BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО мен Мексика ынтымақтастыққа мүдделі

Астана. 7 желтоқсан. Baq.kz - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Мексика ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі туралы мәселені зерделеуде, деп хабарлады РИА Новости Еуразиялық экономикалық комиссиясының Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика министріне сілтеме жасап. 

«Мексикамен меморандумға қол қою мерзімдері әзірге талқыланған жоқ, алайда тәжірибе егер жақсы қатынас жалғасын тапса, бірнеше айдың ішінде болуы ықтимал екенін көрсетеді, бәлкім ол 2016 жылы болуы мүмкін», - деді Валовая.

Оның айтуынша, келіссөз нәтижесінде ЕАЭО Мексикаға меморандум жобасын жіберу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді, бұдан кейін оны талқылау басталады.

2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия осы мемлекеттер үкіметтерімен комиссия атынан меморандумды пысықтау идеясын ұсына отырып, барлық латынамерикандық елдермен байланысты қолға алған. «Чили және Перумен меморандумға қол қойылды. Олармен жұмыс тобын құрып, тиісті мәселелерді талқылауды бастадық», - деді Валовая.

Сондай-ақ министр мексикалық делегацияны жыл сайын түрлі интеграциялық бірлестіктермен қатынас қалыптастыру талқыланатын үлкен панелді пікірталасқа негізделген Астана экономикалық форумы және Петербор халықаралық экономикалық форумы сияқты алаңдарға жіберу маңызды деп санайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер