BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО-мен 40 ел еркін сауда аймағын құру туралы ниетін білдіруде

Астана. 14 желтоқсан. Baq.kz - 2014 жылдың мамырында Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойды. 

Жаңа ұйым 2015 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастап, 3 елдің нарығы үшін капитал, тауарлар, қызметтер мен жұмыс күшінің еркін айналымына жол ашылды. Еуразиялық экономикалық одаққа 2-ші қаңтарда Армения, 12-ші тамызда Қырғызстан да қосылды. Бірақ одақ жұмысының алғашқы жылы оңайға түспеді. Осы кезеңде әлемдік экономикада дағдарыс басталған еді. Десе де сарапшылар экономикалық қауымдастықтың интеграциялық қуатын оң бағалауда.

«Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы жылын қорытындылар тұста мамандар бірнеше мәселені қаперде ұстағаны дұрыс», – дейді Татьяна Валовая. Еуразиялық Экономикалық комиссиясы интеграция мен макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі министрі жұмыстар мұнай бағасы төмендеп, халықаралық сауда қарқыны баяулаған тұста, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде басталғанын айтты. Ресей мен батыстың бір-біріне қарсы санкциялар қабылдағаны тағы бар. Дегенмен өзара сауда айналымы қалыптасқаны анық. Және ол үшінші елдердің сауда көлемінен әлдеқайда артық. Тауар айналымын көліктер, құрал-жабдық, өңделген өнімдер құрайды.

Татьяна Валовая, ЕЭК интеграция мен макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі министрі -Алғашқыда сыртқы экономикалық жағдайдың осылай қиын болғаны жақсы болды. Біз еуразиялық одақтың ауыр экономикалық жағдайдың өзінде тиімді әрекет ететін өміршең бірлестік екенін түсіндік және қосымша интеграциялық серпінге ие болдық. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын реттейтін бірыңғай экономикалық комиссия мамандары өсу қарқынын тез арада қалпына келтіру үшін атқарылар іс-шаралар жайын зерттеп, талқылауда.

Сергей Глазьев, аймақтық экономикалық интеграция мәселелері бойынша РФ президентінің кеңесшісі -Еуразиялық экономикалық одақ институттарын қалыптастыру бойынша құрылған барлық жоспарлар жүзеге асты. Әсіресе энергетика мен көлік саласында оңды нәтижеге қол жетті. Электр энергетикасының ортақ нарықтағы тұжырымдамасы бекітілді. Бұл біздің экономикалық одақтың жаңа қатысушылары үшін маңызды. Көлік қызметі мен мұнай-газдың ортақ нарығы бойынша да тиянақты түсінік қалыптастыра алдық. Экономистер Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуеті 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің қосымша өсімі 13 пайыз болады дегенді алға тартады. Барлық еуразиялық бестіктің инвестициялық тартымдылығы арта түсті, себебі инвесторлар алдында 170 миллион адамдық бірыңғай нарық ашылды. Енді тағы 40 ел Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құру туралы ниетін білдіруде. Көктемде Бурабайда Вьетнаммен алғашқы келісімшартқа қол қойылды. Кезекте Израиль, Мысыр және Үндістан тұр.

Александр Агеев, Экономикалық стратегиялар институтының басшысы -Еуразиялық экономикалық одақ жетекші интеграциялық бірлестіктердің бірі ретінде дамиды және кеңістігін кеңейтіп, басқа елдермен бірлесе әрекет етудің көптеген форматтарын қалыптастыратын болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер