BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО ішкі теміржол тарифінің арқасында Қазақстан жылына 84 млрд теңге үнемдейді

Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - Бүгін Елордада отандық және шетелдік сарапшылар ЕАЭО-ның алғашқы жылының қорытындылары мен одақтың келешегін талқылады. Жиынға қатысқан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бәкенов Еуразиялық экономикалық одақтағы ішкі теміржол тарифінің арқасында Қазақстан жылына 84 млрд теңге үнемдейтінін айтты. 

«Біз Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу кезеңінің алғашқы сатысындамыз. Елімізге негізгі, басты сауда нарықтарына шығу үшін теміржол саласындағы біраз мәселелерді реттеу керек. Ол үшін еуропалық одақ нарығындағы теміржол көлік бағыттарына жол ашу қажет. Сондықтан осы жылдың басында одақ құрылатын кезде біз осы мәселені қойдық. Мәселен, Қазақстаннан Еуропа елдеріне, Еуропа елдерінен Қазақстанға тауар әкелу кезінде транзитті теміржол тарифтерін емес, ішкі теміржол тарифтерін қолдануды жолға қою басты мақсатымыз болды. Сонда Еуразиялық экономикалық одақтағы ішкі теміржол тарифінің арқасында Қазақстан жылына 84 млрд теңге үнемдейтін болады », - деді Е.Бәкенов.

Шара барысында сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы қорытындыларын, ықпалдастық бiрлестiк жұмысының өзектi мәселелерiн талқылады.

Айта кетейік, талқылауға ЕАЭО-ға мүше елдердiң жетекшi сараптамалық орталықтарының сарапшылары, ҚР мемлекеттiк басқару органдарының жауапты қызметкерлерi, Астана қаласындағы ЖОО оқытушылары мен ҚСЗИ қызметкерлерi қатысуда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер