BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықта 8 басым бағытты қарастыруда - Б.Сағынтаев

Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық ынтымақтастық бойынша 8 басым бағытты қарастырып отыр. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. 

«Біз әлемдік экономикадағы күрделі жағдайды, сонымен қатар экономикалық өсім қарқынының баялауын ескере отырып, жаңа перспективалы нарықтарға мүдделіміз. ЕАЭО-мен халықаралық ықтымақтастық бойынша 8 басымдықты бағыт пысықталу үстінде. Олардың қатарында Еуропалық одақ ТМД Азия-Тынық мұхиты өңірі, Таяу Шығыс, Қара теңіз бен Каспий маңы өңірі, Солтүстік және Латын Америкасы, Африка бар», - деді ол.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев Мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске берілген тапсырмаға сәйкес Еуразиялық интеграциялық үдерісті қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасымен түйіндестіру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен.

«Қазіргі уақытта Иранмен, Израильмен, Үндістан және Мысырмен еркін сауда аймағын құру тиімділігін зерделеу бойынша бірлескен зерттеу тобы құрылды. Толықтай алғанда, ЕАЭО-мен ынтымақастыққа 30-дан астам ел қызығушылық танытуда. Бұл біздің бірлестіктің беделін білдіреді», - деді Б.Сағынтаев.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер