BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО елдерінде көлік паспортының ортақ электрондық жүйесі енгізіледі

Астана. 10 желтоқсан. Baq.kz - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

Бұл келісім 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеуде жасалған. Келісімге сәйкес, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйесі қолданысқа енгізілгенге дейін көлік төлқұжатының бірыңғай нысандары пайдаланылатын болады.

"Көлік құралының паспорты әрбір автомобиль шығарылғаннан кейін немесе ол Қазақстан аумағына енгізілген уақыттан бастап құжаты болып есептеледі. Көлік құралының паспортында барлық ақпарат қамтылады. Осы паспорттың негізінде жол полициясы органдарында мемлекеттік тіркеу жүргізіліп, көлік иесіне тиісті куәлік беріледі. Келісімге сәйкес, бұл паспорттар электрондық түрде рәсімделіп, Кеден Одағы елдерінің ортақ электрондық жүйесінде сақталатын болады. Айта кетейік, ел азаматтары мен заңды тұлғаларға қосымша төлем жүктелмейді", - дейді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

Көлік және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын талаптар мен оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ электрондық паспорт жүйесінің жұмыс істеу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітіп, айқындайды.

Бүгінгі күні бұл келісімді Беларусь мемлекеті ратификациялаған. Сондай-ақ, бұл құжатқа Қырғыз Республикасы қосылып отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер