BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО елдері ішімдік пен темекі акциздері ставкаларын жақындатуы мүмкін

Астана. 30 қазан. Baq.kz - Алдағы бес жыл Еуразиялық экономикалық одақ елдері алкоголь мен темекі акциздері ставкаларын жақындатуы мүмкін. Еуразиялық комиссия өкілдерінің айтуынша, бұл саладағы салық саясатының тәртіптері жөнінде келісім жобалары мақұлданған.

Құжаттар акцизделетін бірыңғай нарық қалыптастыруға бағытталмақ. Қазіргі таңда одақ елдері ставкаларының арасы алшақ. Осыны азайту үшін әуелі белгілі мөлшерде дәліз енгізілмек. Осылайша, теңгерімсіздік айтарлықтай азаяды. Бұл шаралар темекі шегумен күрес жөніндегі бағдарламаны есепке ала отырып жасалғанын айта кеткен жөн. Аталған мәселе бойынша тек Арменияның ресми ұстанымы белгісіз болып тұр.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер