BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО бағалы тастар мен металдарды кіргізу мен шығару шарттарын жеңілдетті

 Астана. 11 қараша. Baq.kz - Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының тарифті емес шараларды жеңілдету бойынша шешімі күшіне енді. Атап айтатын болсақ, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бағалы тастар эспортын лицензиялау туралы шешім өз күшін жойды, деп хабарлады ЕЭК.

Бағалы тастарды ЕАЭО аумағына кіргізу және шығару туралы ережеге сәйкес рұқсат беру тәртібі мемлекеттік бақылау сияқты әкімшілік процедура арқылы жүзеге асырылады. Бұған дейін бағалы тастар экспорты арнайы лицензия аясында жүзеге асырылатын және оны Одаққа мүше мемлекеттірдің өкілетті органдары беретін.
Қабылданған шешім кедендік процедураға орналастыру барысында бағалы тастарды, бағалы металдарды, құрамында бағалы метал бар шикізат тауарларының шығу нормасын анықтайтын ұсынысты белгілейді.
«ЕАЭО аумағына бағалы тастарды, бағалы металдарды, құрамында бағалы металл бар шикізат тауарларын кіргізу және шығару туралы ережеде аталмыш тауарларды кедендік декларациялау мақсатында тауардың шығуын анықтайтын нормалар қарастырылмаған», - делінген хабарламада.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер