BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО аясындағы елдерде көліктер еркін айналымда болады

Астана. 19 қаңтар. Baq.kz - Қырғызстан мен Армениядан жеткізілген автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақта емін-еркін жүре алатын болады, - деп хабарлайдыІшкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі.

"Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында Армения Республикасынан 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер 2015 жылдың 5 мамырынан бастап айналымда болады", - дейді Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері.

Алайда, аталған көліктерді тіркеуге қою үшін, темір тұлпарлардың Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін дәлелдеу қажет.Ал ІІМ-нің мәліметінше, Одаққа мүше өзге елдерден әкелінген көліктер үшін сәйкестікті растау міндетті емес.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер