BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕАЭО аясында ортақ валютамен есеп айырысу бірлігін құру күн тәртібінде тұрған жоқ - Д. Абаев

Астана. 10 қараша. Baq.kz - Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн-брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап берді.

«РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдің қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыңғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?» деген сауалға Дәурен Абаев: «Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», деп жауап берді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер