BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ДСҰ елдеріне 1300-ден астам тауар түрлерін тасымалдай бастаймыз

Астана. 14 желтоқсан. Baq.kz - 2016 жылы ЕАЭО-ның кедендік кодексі қабылданбақ. Ал ертеңнен бастап қазақстандық өндірісішілер төмендетілген баж салығы негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тауарын экспорттай алады.

 

Сауданы жүргізуге арналған баж салығы тауар түрлерінің көбеюіне қарай сатылап төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды. Бастапқыда 1300-ден астам тауар түрін шығара алсақ, кейінгі жылдары 3800-ден асады. Дәл осынша өнім бізге де келеді.

Арғын Қыпшақов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары - Бірінші қаңтардан бастап 1300-ден астам тауарларды әкелуге болады. Олардың пайыздары 5 пайыздан 50 пайызға дейін төмен болады. Баж салығын азайтып төлеуге болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер