BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бірыңғай нарық елімізге Еуропа елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік береді

Астана. 19 мамыр. Baq.kz – Бірыңғай нарық Қазақстанға Еуропа елдерінің тартымды тұтыну нарығына шығуға және ҚХР мен ЕО экономикаларын байланыстырып тұратын буын болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 

«Интеграцияның негізгі мақсаты ретінде экономиканың модернизациясын анықтап және біздің елдің әл-ауқатының дамуына оның әсерін түсінуіміз керек. Мемлекет басшысы сыртқы экономикалық саясаттың одан әрі қарайғы бағытын Еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамытуды айқындаған болатын», - деді брифингке келген ҚР ЭБЖМ «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов.
Сұлтановтың айтуынша, экономикалардың құрылымдық ұқсастығы, ортақ проблемалар, шикізат тәуелділігі Беларусь пен Ресейді біртіндеп экономикалық бірігуіне ынталандырды.
«Кезең-кезеңді еуразиялық интеграция өзінің іс жүзінде қолданылуын ЕАЭО мен ТМД-ға кіретін елдер арасындағы еркін сауда аймағы түрінде қабылдады. Өзара сауда преференциялары, ең қолайлы жағдай тәртібі интеграцияның келесі кезеңіне локомотив болды: ерекше байланысы мен күшті экономикасы бар елдер Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кедендік Одақ. 2010 жылы құрылған жалпы 170 миллионды нарық, ең алдымен, ұлттық экономиканың модернизациясына және кәсіпкерлік санаттың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған. 2012 жылғы қаңтарда күшіне енген бірыңғай экономикалық кеңістік тауарлар, қызметтер, капитал мен адами ресурстарының еркін тасымалдауын қамтамасыз етуге тартылған интеграцияның терең нысаны болып табылады»,- деді ол.
Еске сала кетейік, әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, бағдарламасы туралы идеяны мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер