BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Б.Сағынтаев ЕЭК Кеңесінің отрысына қатысты

Астана. 24 қараша. BAQ.kz - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің видеоконференция форматында өткен отырысына қатысты.

 Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің экономикалық интеграциясын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарды талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Атап айтқанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің ішкі су жолдары арқылы кемелердің еркін өтуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кеме қатынасы туралы Келісім жобасы қаралды.
ЕАЭО мемлекеттері мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында үшінші тараппен халықаралық сауда даулары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты тәсілдер талқыланып, жалпы мақұлданды.
Сонымен қатар, теріден жасалған тауарларды бақылау (сәйкестік) белгілерімен таңбалау бойынша пилоттық жобаны енгізу мәселелері қаралды. Оны жүзеге асыру ЕАЭО аумағында теріден жасалған тауарлардың заңсыз айналымын болдырмауға бағытталған.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен Қырғызстанның 2016 жылдан 2025 жыл аралығында ЕАЭО-қа жүктерді автотасымалдауды орындауды кезеңмен ырықтандыру бағдарламасына қосылуы мақұлданды. Қырғыз Республикасы каботаждық тасымалдауды ырықтандыру Бағдарламасына бірінші кезеңнен - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылады.
Жалпы, ЕЭК Кеңесі отырысына қатысушылар еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері жөнінде өзара тиімді шешімдер шығарды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер