BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы ЕЭО-тан үлкен нәтиже күтеді

АСТАНА. 9 маусым. BAQ.KZ - «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлердің партиясы ретінде ЕЭО-тан үлкен нәтиже күтеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде «Интеграциялық үрдістер» тақырыбында өткен брифингте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

 
Еуразиялық экономикалық одақ ірі тарихи маңызы бар шара екендігін айтқан ол:
- Біз «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлердің партиясы ретінде осы шарадан үлкен нәтиже күтудеміз. ЕЭО аспаннан түскен сый емес екендігінде түсінуіміз керек. Өйткені бұл үлкен жұмыс, үлкен жауапкершілік. Сол себептен ЕЭО-тан өз елімізге табыс алып келу үшін, оның пайдасын көру үшін бар қабілетімізді салып жұмыс істей алуымыз керек, - деді.

Интеграцияның дұрыс қадам екендігін Еуропалық одақ, АҚШ Канада Мексика аралық кедендік одақ, Азия аймағындағы алянстарды мысалға ала отырып айтқан депутат ЕЭО қазақстандықтарға да үлкен мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер