BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асқар Мамин Қазақстанның ЕЭК кеңесіндегі өкілі болып тағайындалды

Фото: Vlast.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы Жарлығына сәйкес Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды. Аталған қызметтен Бақытжан Сағынтаев босатылды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің өкілдіктерінен босатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 7 қазан № 356

inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер