BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Армения үшін 2015 жылы жаңа экономикалық кеңістік ашылды

 Астана. 28 желтоқсан. Baq.kz - Армения үшін 2015 жыл экономикалық және саяси тұрғыдан жемісті болды. Басты жаңалығы – жыл басында Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіруі. Осылайша, сауда-саттық жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Армян бизнесмендері өз кәсібін өзге мемлекеттерде жүргізудің қамына кіріскен.

 

 "Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіміз маңызды қадам болды. Оның бізге берер мүмкіндігі мол. Қазіргідей әлемді дендеген дағдарыс уақытында өзге мемлекеттермен бір мүддеге жұмыла жұмыс істеу тиімді болар. Қазір өтпелі кезеңдеміз. Көпшілігі бұл ұйымға кіру бұрынғы кеңес одағына оралу деп түсінеді. Бірақ бұл – жаңсақ пікір. Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы елдердің қайсы болмасын ешкімге тәуелді емес", - дейді мамандар.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер