BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті

Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Өткізілген кездесулер барысында тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, 2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 5,4 млн долларды құрады. Қазақстанның Арменияға экспорттайтын негізгі өнімдері – аккумуляторлар, көтергіштер мен домкраттар, моторлы көлік құралдарының бөлшектері, мұнай газдары мен көмірсутектер, сорғылар. Бүгін Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 268 кәсіпорын қызметтерін табысты іске асырып келеді.

2017 жылғы маусымда «Ереван – Астана» рейсінің ашылуы бизнес ортада және туризм саласында өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізіп келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер