BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдік БАҚ Еуразиялық экономикалық одақ жайында

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің арасындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын әлемнің жетекші БАҚ та қадағалап, шолу жазып, мақалалар жариялауда.
 

Мәселен, немістің «Deutsche Welle» агенттігі: «Ресей, Қазақстан және Беларусь арасында құрылған Еуразиялық экономикалық одақтыңмақсаты – Еуроодаққа бәсеке болу. Бұл жерде әңгіме экономикалық ынтымақтастықтың жаңа жолы туралы болмақ»,- дейді. «Америка дауысы» газетінің хабарлауынша, келісімге сай үш ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге өтіп, тауарлар, қызмет түрлері, капитал мен жұмыс күші еркін айналымда болмақ. Бұл «үштік» экономиканың басты салаларындабірлескен саясат жүргізбек. Армения басылымдары жаңадан құрылған одақ қатарына қосылу жұмысы жеделдейтінін жарыса жазуда. «Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды. Еуразиялық интеграциялық процесті кеңейту мәселесі талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссиямен жасалған үйлесімді жұмыс Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы келісімшарт жобасын межелеген уақытқа дейіндайындауына себеп болды»,- дейді армениялық БАҚ. Ал Euronews телеарнасы «Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер халқы мен жалпы ішкі өніміЕуроодақтан бірнеше есе кем бола тура, жаңа құрылған одақәлемдегі газ қорының 1/5 бөлігі мен мұнайдың 15 пайызын басқарады»,- деп хабарлайды. Атап айтқанда, халқы 170 миллион адамды, жалпы ішкі өнімі 1,7 триллионды құрайды. Үш ел арасында құрылған Еуразиялық экономикалық одаққа Армения мен Қырғызстан да қосылуға ниет білдірді»,- деген ақпар таратып отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер