BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аймақта 45 мың ШОБ-тың 30 мыңы белсенді қызмет көрсетуде – Н. Ноғаев

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 

- Бүгінгі таңда біздің облысымызда 45 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген болса, оның 30 мыңнан астамы нарықта белсенді қызмет көрсетуде. Ал әрбір қызмет ететін кәсіпорын мекемеде орта есеппен 3 жұмысшы істейді деп есептесек, мұнда 90 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр деген сөз, - деді аймақ басшысы.
Оның айтуына қарағанда, ендігі жерде облыстағы кәсіпорын, мекемелердің қызмет көрсету ауқымы ЕЭО елдері аясында да арта түсетін көрінеді.
- Облыс кәсіпкерлері өздерінің отандық өнімдерімен қазірдің өзінде көрші елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресей нарығынан өздеріне тиесілі үлестерін иемденіп, игеруде, - деп атап өтті Нұрлан Асарұлы.
 
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер