BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Адам өмірінің сапасы IT-технологияларды меңгеруіне байланысты – СNews бас редакторы

Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінің үкіметі цифрлық жүйені меңгеріп, оны енгізіп, оған бейімделе алса, халықтың өмір сапасы да жақсара түседі. Осындай пікірді ресейлік басылымның бас редакторы, сарапшы, форум модераторы Максим Казак айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, цифрландыру бағдарламасы көптеген елдерде қабылданған. Енді олар сәт сайын өзгеріп жатқан әлемнің көшіне ілесіп, адамзат тарихында болмаған технологиялық жаңғыруға ұмтылуы керек. Бұл ретте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы уақыт талабына сай жасалған.

«Қазір жаңа кезең басталды. Бұл біздің технология туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертетін «Цифрлық революция» кезеңі. Дәстүрлі шешімдер ескірді. Енді адамның өмір сапасы ақпаратық технологияларды меңгеріп, оны пайдалануына байланысты болмақ», - дейді форумның модераторы, СNews басылымының бас редакторы Максим Казак.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер