BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Бижанов: ЕЭО арқылы дамудың жаңа сатысына көтерілеміз

 АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – Еуразиялық ықпалдастық Қазақстан, Белорусь және Ресейдің экономикалық дамуын жаңа сатыға көтереді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов мәлімдеді.

«Бұл – одақтас үш елдің келешек тағдыры жаңа арнаға бұрылған, маңызы зор тарихи кезең болып табылады.
Ол ортақ экономика мен оған қатысушылардың ынтымақтасу еркіне негізделген жаңа еуразиялық жақындасу орталығының қалыптасқанын паш етті.
Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия кеңістігенде экономикалық бірлестікті құру туралы бастамасы одақтас елдерінде жалпы халықтық қолдауға ие болып, қазіргі кезде нақты ақиқатқа айналды.
Еуразиялық ықпалдастық Қазақстан, Белорусь және Ресейдің орнықты экономикалық өсіп-өркендеуіне және халықтарының әл-ауқатын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашылатын сапалық тұрғыдағы жаңа сатыға көтерілді.
Экономикалық одақтастықтың құрылуы – Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ көрегендікпен болжаған жаһандық ықпалдастық үдерістері дамуының заңды қорытындысы болғанын ерекше атап айтқым келеді», - деді А.Бижанов. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер