BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

50-ден 300-ге дейінгі орындықты ұшақтарды ЕАЭО аумағынан өткізуге рұқсат етілді

Астана. 17 қаңтар. Baq.kz - Бүгінгі күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО аумағына сыйымдылығы 50-ден 300-ге дейінгі орынды әуе кемелерін баж салығынсыз өткізуге рұқсат етілді. Қабылданған шешім Одаққа мүше елдердің авиация саласының қолайлы дамуына себі тиетін болады, - деп хабарлады Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

ЕАЭО елдерінде Еуразиялық экономикалық комиссиясының «Кеден Одағының 2009 27 қарашасындағы № 130 Шешіміне азаматтық жолаушы ұшақтарының кейбір түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы» Шешімі күшіне енді. Бұл құжат батыста шығарылған қазіргі заманғы әуе кемелерін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО елдеріне Одақтың мүше елдерінің аумақтары аралығында және (немесе) халықаралық тасымал үшін пайдалану мақсатында баж салығынсыз әкелінуі ескерілген.

Айта кетейік, бұл құжаттың нормасы бойынша сыйымдылығы 110-нан 300-ге дейінгі жолаушы орындығы типіне сай сертификаты бар ұшақтарды әкелудегі шектеулер 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін, сонымен бірге жолаушылар орын саны 110-нан 300-ге дейінгі жолаушыларды LOPА сертификаты схемасы бойынша жайғастырылатын әуе кемелерін әкелу жеңілдіктері 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейіналынып тасталады. 

ФОТО: tengrinews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер