BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

40 мемлекет ЕАЭО-мен ЕСА туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр

Астана. 17 қараша. BAQ.kz – 40 мемлекет Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин 18-19 қараша күндері Манилада өтетін АТЭС саммитіне арналған мақаласында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Ресей президенті мақалада мамыр айында ЕАЭО мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағы туралы келісім жасалғанын тілге тиек еткен.

«Осындай келісімдерге қол қою мүмкіндігін тағы 40 мемлекет қарасытырып жатыр», - дейді В.Путин.

РФ Президентінің айтуынша, Азия-Тынық мұхиты өңірінің және өзге де өңірлердің экономикалық дамуының қозғаушы күші сауда болып келген. «Алайда, тарифті ырықтандыру әсері төмендеген сайын қызметтерді, инвестицияларды, тарифтік емес кедергілерді, бәсекелестік саясатты және субсидияларды қамтитын қосымша уағдаластықтардың қажет екені белгілі болды. әрине, күрделі келіссөздер жүргізбей, өзара ымыраласпай бұған қол жеткізу мүмкін емес», - дейді президент.

Ресей басшысы шиеленіскен жағдайдан шығудың бір жолы өңірлік экономикалық ықпалдастықты тереңдету екенін айтады. «Бүгінгі күні Ресей - Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанмен бірге ЕАЭО-ны дамытып келеді. Біздің ықпалдастық жобамыз әуелден өзге де мемлекеттермен және олардың бірлестіктерімен ынтымақтастыққа бағытталған», - дейді ол.

Серіктестіктің ашық мысалы ретінде Путин ЕАЭО-ның «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасымен түйіндесу уағдаластығын атады.

«Бұл жобаны іске асыру көлік инфрақұрылымы, тауарлар мен қызметтердің трансшекаралық қозғалысын реттеу саласындағы түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді, АТЭС экономикаларын ықпалдастыруға үлкен күш береді», - дейді Ресей президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер